Бұл эпизодта біз досымыз Назгүл Қожабектің үйінде өткізген үрейлі түндерге қайта ораламыз. 2022 жылы 5-6 қаңтардағы ақпарат жетіспеушілігінің бізге қалай әсер еткенін, сондай-ақ, сын сағатта отандық радиолардың қандай контент ұсынғанын біле аласыздар.
Эпизодтар тізімі:
1 эпизод – Ұшақтар кешіккен күн…;
2 эпизод – Тұманды жол;
3 эпизод – Үрейлі түндер;
4 эпизод – Үйде менің отбасым.
Елдар Құдайбергеновтың «Подкастиң орталығы» – 2019 жылдан бері подкастиңге қатысты жұмыстың бәрін жасаймыз.